Нұр-Сұлтанда 24 қазанда Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
"51-ші бағытта жүретін автобус өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді "Астана LRT" компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева.
"24 қазанда 9.17-да Нұр-Сұлтанда "101" пультіне Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен уақытта 9.21-да автобустың артқы бөлігі мен қозғалтқыш бөлігі жанған. Салонда жолаушылар болмаған. Қабылданған шаралар барысында өрт 9.31-де сөндірілді. Өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен екі арнайы техника жұмылдырылды", - деді ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.