Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысында мәдениет нысандары жөндеуден өтуде. Әулиелі, киелі, зиярат ететін орындар қайта жаңғыртылып, тарихи орындарды қалпына келтіру, қазба жұмыстары жүргізілуде.
Осы бағдарламалық мақаланың аясында Түлкібас ауданында көп жылдан бері тозығы жеткен мәдени нысандарында қайта жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудандық бюджет есебінен Елтай, Жанұзақ, Көкбұлақ, Алғабас, Рұсқұл ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары, ал Сарытөр ауылдық мәдениет үйінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 100-ден аса адамға есептелген мәдениет ошақтарының аумақтары да толығымен қоршалып, абаттандырылатын болады. Қайта жаңғырған мәдени нысандарда ауыл жастары музыкалық және басқа да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдалана алады. Ол үшін барлық жағдай жасалынбақ. Ғимараттар биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.