Әлеуметтік дүкендерде онлайн-кассалық машиналар орнатылады

Қысқаша

Әлеуметтік дүкендерде онлайн-кассалық машиналар орнатылады

2019021413023780492_1eb245a0-a1ac-4c28-bd1a-6846d7b9d281.jpg

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі көбейді. Сонымен бірге әлеуметтік дүкендердің тиімділігі арттырылып, олардың жұмысына бақылау күшейтіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.

Бағаны тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін Комиссия бағаны тұрақтандыру және тауарлардың қосымша көлемін сатып алу жөніндегі шараларды жетілдіру мәселелерін қарастырды.

Естеріңізге сала кетейік, комиссияның соңғы отырысында жеке сауда орындарындағы бағаның төмендеуіне әсер ету мақсатында тауарлық интервенция жүргізу туралы шешім қабылданды.

Осы шешімнің аясында Тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу кестесін ұсынды. Мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік павильондарда сатылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 12 түрі сатып алынады.

Айта кету керек, әлеуметтік павильондарда ұсынылатын өнімдер тізіміне жаңа өнімдер қосылды: рожки, күріш, май, ет және тұз.

Сондай-ақ, Комиссия әлеуметтік маңызы бар тауарларды халықтың көп бөлігіазық-түлік сатып алатын негізгі орын болып саналатын Түркістанның негізгі базарларында тікелей жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Комиссия отырысы барысында аймақ басшысының орынбасары Комиссия мүшелерінің арасынан кәсіпкерлерге бағаны тұрақтандыру үшін ашықтық пен сындарлы жұмыстың қажеттілігі туралы үндеді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары барлық 14 әлеуметтік павильонды аралау қорытындысы олардың тек 8-і жұмыс істеп жатқандығын айтты. Осы орайда, қала әкімдігіне ӘКК-мен бірлесіп, жабық әлеуметтік дүкендердің орнын өзгерту және оларды іске қосуға дайындауды, сондай ақ, бір апта ішінде барлық дүкендерде онлайн-кассалық машиналар орнатуды тапсырды.

Сонымен қатар, өткір мәселе – тұрғындардың осы павильондардың орналасқан жері туралы хабардар еместігі атап өтілді. «Әлеуметтік маңызы бар өнімдер арзан бағамен әрдайым халыққа қолжетімді болуы керек», – деді комиссия төрағасы.

Айта кету керек, сауда нүктелерін пайдалану үшін 2018 жылдың қарашасында комиссиялық агенттерге (орындаушыларға) павильондарды өз қаражаты есебінен электр желісіне қосып, эстакадалар, павильондардың белгісін орнатып, павильондардың қоршалған аумағын жақсарту үшін павильондар тегін берілді.