Бәйдібек
ауданының Ақбастау ауылындағы «Нұр-Бағлан» шаруақожалығы 2009 жылдан
бері қазақтың құйрықты қылшық жүнді асыл тұқымды қой санын көбейтумен
айналысып келеді. Бүгінде қожалықтың иелігінде 2000 қой, құлын-тайымен
қосқанда 50 жылқы бар.
Шаруашылықты шыр айналдырып, малдың жайын
жасап отырған кәсіпкер Бағлан Нәбиевтің негізгі мамандығы – жоғарғы
білімді заңгер. Біраз жыл осы салада абыроймен қызмет те атқарған.
–
Несібең малдан болған соң, оны баладай мәпелеуге міндеттісің. Олай
болмаса, мал бітпейді. Әкем Нәби Әбдіхалық мал дәрігері болатын.
Сондықтан болар бұл кәсіп маған таңсық емес, – дейді Бағлан Нәбиұлы.
Шаруақожалық
алғашында қорадағы 20-30 малдың санын көбейтіп, асылдандыру мақсатында
ауданымыздағы «Бәйдібек-несие» КС» ЖШС-нен ауылшаруашылығын дамыту
бағытында төмен пайызбен несие алады. Келе-келе мал саны артқан соң,
ауыл сыртынан қора-жай салып, қойды сонда бағады. Малдың шем-шөбін жинау
үшін 50 га жерге жоңышқа, 50 га жерге бидай егеді. Қажетті техникаларды
қаражатқа қарай сатып алып отырады. Лезингке трактор алады. Бірте-бірте
жұмыс ауқымы артқан соң, шаруашылыққа қосымша жұмысшы алады. Қазір
кәсіпкер бес адамды жұмыспен қамтып, 70-80 мың теңге жалақы төлеп отыр.