Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин әкімдерді ақшаны концерттерге шаша бермей, балалардың игілігіне жұмсауға шақырды, деп жазады Oinet.kz тілшісі ВAQ.KZ-ке сілтеме жасап
«Балалардың бос уақыттары өте көп. Сондықтан бір-бірімен төбелеседі. Көздерін шығарып, арасында өртеп жібергендері де бар. Тіпті, жыныстық қатынасқа түсіп, жануарларды азаптап жатқандары да жетіп артылады. Сондықтан балалардың өз уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беруіміз керек. Балалардың өнер, спорт, ғылыммен айналысуына жағдай жасауымыз қажет», - дейді Аружан Саин.
Оның айтуынша, отбасындағы қаржылық мүмкіндіктер, әлеуметтік деңгейге және ата-анасының біліміне қарамастан балалар өздерін дамытатын барлық мүмкіндіктерге қол жеткізуі тиіс.
«Осы күні қосымша білім деп айтып жүрміз ғой. Оның балаларды тәрбиелеудегі маңызы зор. Әр облыстағы мәдениет үйлері, спорт сарайлары қалпына келтірілуі керек. Білім беру ұйымдары жүйесі арқылы барлық үйірмелер мен спорт секциялары қолжетімді болу керек», - дейді уәкіл.
Ол осы ретте жергілікті әкімдіктегілерге бюджет қаржысын концерттер мен имидждік шараларға шаша бермей тоқтату керектігін айтты.
«Бәріміз салық төлеп отырмыз. Сондықтан мемлекетте ақша бар. Бірақ оны елді таныту бағытындағы имидждік іс-шараларға шаша беруді тоқтату қажет. Ешқандай пайдасы жоқ топырлаған концерттерді тоқтату керек. Оның бәрі бюджет қаржысын шашу, басқа пайдасы жоқ. Осы ретте әкімдерге өтінішім бар. Осындай іс-шараларды тоқтатып, қаржының барлығын балалардың игілігіне жұмасасын. Бір жылдан кейін-ақ нәтижесін көресіздер», - деді Аружан Саин.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин әкімдерді ақшаны концерттерге шаша бермей, балалардың игілігіне жұмсауға шақырды.
«Балалардың бос уақыттары өте көп. Сондықтан бір-бірімен төбелеседі. Көздерін шығарып, арасында өртеп жібергендері де бар. Тіпті, жыныстық қатынасқа түсіп, жануарларды азаптап жатқандары да жетіп артылады. Сондықтан балалардың өз уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беруіміз керек. Балалардың өнер, спорт, ғылыммен айналысуына жағдай жасауымыз қажет», - дейді Аружан Саин.
Оның айтуынша, отбасындағы қаржылық мүмкіндіктер, әлеуметтік деңгейге және ата-анасының біліміне қарамастан балалар өздерін дамытатын барлық мүмкіндіктерге қол жеткізуі тиіс.
«Осы күні қосымша білім деп айтып жүрміз ғой. Оның балаларды тәрбиелеудегі маңызы зор. Әр облыстағы мәдениет үйлері, спорт сарайлары қалпына келтірілуі керек. Білім беру ұйымдары жүйесі арқылы барлық үйірмелер мен спорт секциялары қолжетімді болу керек», - дейді уәкіл.
Ол осы ретте жергілікті әкімдіктегілерге бюджет қаржысын концерттер мен имидждік шараларға шаша бермей тоқтату керектігін айтты.
«Бәріміз салық төлеп отырмыз. Сондықтан мемлекетте ақша бар. Бірақ оны елді таныту бағытындағы имидждік іс-шараларға шаша беруді тоқтату қажет. Ешқандай пайдасы жоқ топырлаған концерттерді тоқтату керек. Оның бәрі бюджет қаржысын шашу, басқа пайдасы жоқ. Осы ретте әкімдерге өтінішім бар. Осындай іс-шараларды тоқтатып, қаржының барлығын балалардың игілігіне жұмсасын. Бір жылдан кейін-ақ нәтижесін көресіздер», - деді Аружан Саин.