Кәсіпкерлік мектебінде 120 жас білімін жетілдірді

Қысқаша

Кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға қолдау көрсету – мемлекетіміздің айрықша көңіл бөліп отырған бағыттарының бірі.

Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының Бәйдібек аудандық филиалындағы Кәсіпкерлік мектепте жыл басынан бері «Бастау» бизнес курсында – 80, «Бизнес кеңесші» курсы бойынша 30 адам оқып, бағыт-бағдар алған. Биыл мұнда Жастар жылына орай «Жас кәсіпкер» курсы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға қолдау көрсету – мемлекетіміздің айрықша көңіл бөліп отырған бағыттарының бірі. Кәсіпкерлерге ақпарат беру кеңсеге кіре берістен басталады. Бірінші кезекте көзге түсетіні филиал басшысынан бастап мамандарының фотосуреттері мен атқаратын қызметтері жөнінде мәлімет берілген. Ал мамандар отыратын бөлме келушілерге де кеңес берушілерге да барлық мүмкіндіктер жасалған. «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» да бар. Мұндағы менеджер-кеңесшілер «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Яғни, кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау шаралары филиал мамандарының көмегімен жүзеге асады.
Бүгінде мемлекетіміз қолға алып отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламалары бойынша аудан кәсіпкерлеріне және кәсіпкерлікті бастаймын деген аудан тұрғындарына кеңес беріледі. Мұнда менеджер-кеңесшілер сервистік қызмет түрлерін, атап айтқанда бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен қатар статистикалық есептілік құру және жүргізуге байланысты бизнес пландар даярлау, несие алу бойынша жобаларды сүйемелдеу, заңгерлік қызмет, мемлекеттік сатып алу, ақпараттық технологиялар (сайттар құру) және кедендік рәсімдер бойынша қызметтер көрсетеді.
Филиалдағы менеджер-кеңесшілер Елдос Күлішов, Ердос Сопбеков, Абзал Әбдіназар келушілерге сапалы қызмет көрсетуді басты міндеті санайды.