Созақ ауданында Кешенді жоспарды іске асыру мемлекеттік
бағдарламасының аясында жыл басынан бергі жеті айда 25 адам қайтарымсыз
грант алып жұмысын бастады. Бұл туралы аудандық мәслихаттың кезекті
45-інші сессиясында айтылды.
Кешенді жоспарды іске асыру мемлекеттік
бағдарламасының бірінші бағыты «техникалық және кәсіптік біліммен және
қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бойынша қысқа мерзімдік
курстар бойынша ауылдық округ, кент әкімдіктерінің жолдаған
мәліметтеріне сәйкес еңбек нарығында сұранысқа ие 147 оқуға ниетті
азаматтар анықталып, жылдық жоспар бекітілген. Өңірлік комиссияның
қорытындысына сәйкес 2019 жылдың 1 қыркүйегіне 7 мамандық бойынша 79
адам 2 оқу орталығына (№24 колледж, «Дидар» жеке мекемесі) жолданыпты.
–
Кешенді жоспарды іске асыру мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты
«жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде жеке ісін ұйымдастыру және
кеңейтуге 24 адам 79,2 млн. теңге несиемен қамтылды. «Бастау-Бизнес»
жобасы бойынша 50 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға «Атамекен» ұлттық
кәсіпкерлік палатасы арқылы жолданып, оқуын аяқтағандар сертификатпен
қол жеткізді. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік
грантпен – 100-200 айлық есептік көрсеткіштеріне тең қаражатпен 2019
жылға 48 адамды қамту жоспарланса, 1 тамызға дейін 25 адам көлемі 200
айлық есептік көрсеткішті құрайтын 505 мың теңге қайтарымсыз грант алып,
өз істерін ашуда, – деді Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бекзат
Әлмағанбет есепті баяндамасында.
Оның айтуынша, биылғы жылы Кешенді
жоспарды іске асыру аясында 2486 адамды қамту жоспарланса, 1636 адам
нақты қамтылып, жылдық жоспар 65,8 пайызға орындалған.