7 айда 4 миллиардқа жуық теңгенің құрылысы жүргізілді

Қысқаша

Созақта аудан көлемінде осы жылдың өткен 7 айында 4 млрд. 829 млн. 600 мың теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Созақта аудан көлемінде осы жылдың өткен 7 айында 4 млрд. 829 млн. 600 мың теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 116,3 пайызға өскенінің айғағы. Яғни, 675 млн. теңгеге артығымен орындалып отыр. Бұл туралы Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбеттің аудандық мәслихаттың депутаттары алдында жасаған есепті баяндамасында айтылды.
– Аудандық бюджет есебінен 417 млн. 178 мың теңге қаржыға Шолаққорған ауылы, Балдысу елді мекеніндегі 100 орындық орта мектеп нысаны құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Шолаққорған ауылындағы А.Сүлейменов атындағы орта мектебіне 300 орындық қосымша жай құрылысына – 333 млн.теңге, Қаратау ауылдық округі, Ақсүмбе елді мекеніндегі С.Қожанов атындағы 100 орындық мектеп құрылысына – 483 млн. 762 мың теңге, Шолаққорған ауылы, С.Қожанов көшесі бойындағы «Жастар орталығы» ғимаратының құрылысына – 112 млн 203 мың теңге, Шолаққорған ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіне қазандық және қойма құрылысына 67 млн. 470 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, – деді ол. Нәтижесінде аудан бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлем индексі 100,2 пайыз болып орындалған.