Көктерек елді мекенінде тұрмысы төмен отбасылар арналған дүкен
жұмыс істейді. Ауылдық округ әкімдігінің жанынан ашылған «Көктерек»
әлеуметтік дүкенінде аз қамтылған отбасылар үшін барлығы тегін беріледі.
–
Мемлекеттік бағдарламаларды орындауда, ауыл азаматтарының жекелеген
санаттарын қолдау мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды. Оның бастысы -
аса мұқтаж көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік
көмек көрсету. Бүгінде табысы төмен, көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз
етілген отбасылардың тұрмыстық дейгейінің сапа-сын арттыруға округ
бойынша 78 отбасының құжаты тиісті мекемеге жолданып, 50-ге жуық
отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, – дейді Көктерек ауылдық
округінің әкімі Нұрлан Бекжігітов.
Сонымен қатар, тұрмысы төмен
жанұяларға демеу болуды көздеген ауыл кәсіпкерлері мен азаматтары игі
бастаманы қолға алып, барымен бөлісіп, керекті тұрмыстық заттар мен
киім-кешек, ыдыс-аяқ, балалар ойыншықтарын «Көктерек» әлеуметтік
дүкеніне өткізіп жатыр.
Аталған әлеуметтік қаражатын алған азаматтар
Үкіметке алғысын білдіріп, балалардың керек-жарағына жаратып, қаржылай
қолдаудың арқасында азын-аулақ мал алған отбасылар да бар.