Басшылық көпбалалы аналардың зарын заңсыз деп тапты

Қысқаша

Басшылық көпбалалы аналардың зарын заңсыз деп тапты

Похожее изображение

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді баспана талап етіп, шеруге шыққан көпбалалы аналардың әрекеттері заңсыз екенін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«ҚР-дағы бейбіт шеру мен ереуілдерді ұйымдастыру заңының талаптарына сәйкес, бейбіт шеру, митинг, ереуілдерді жергілікті атқарушы органның рұқсатымен ғана жасауға болады. Аталған тұлғаларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан рұқсат берілмеген. Соған қарамастан көпбалалы аналардың жекелеген топтары осындай шерулер арқылы өздерінің жеке басының мүддесін, мәселерін шешуге тырысып жатыр. Ол толығымен заңсыз. Біз олармен толығымен келсіпейміз. Себебі көтерген мәселелердің барлығы заңсыз», - деді басқарма басшысы Талғат Рахманберді. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мұндай заңсыз шеруге шыққандардың тұрғын үй мәселесін шешіп бере алмайды. Тұрғын үй мәселесіне қатысты қабылданған заң бар. Сол заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 «Аталған заң талабына сәйкес, тұрғын үй алу үшін кезекке тұру қажет. Нұр-Сұлтан қаласында кезекке Тұрғын үй қоры тұрғызады. Сол қорға барып, кезекке тұрып, соған байланысты баспанамен қамтамасыз етіледі. Ал өзінің жеке басының мүддесін шешу үшін заңды белінен басып, шеруге шығып, ереуілдеткен азаматтардың әрекеттерінің барлығы заңсыз. Біз мұны ашық айтамыз», -деді Талғат Рахманберді.