Ішкі істер министрі Жанар Хамитованың өз-өзіне қол жұмсағанын айтты

Қысқаша

Ішкі істер министрі Жанар Хамитованың өз-өзіне қол жұмсағанын айтты

Картинки по запросу Жанар Хамитова

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 16-қыркүйек таңғы 9-дар шамасында дүниеден өткен әнші Жанар Хамитованың өліміне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме беріп.

"Барлығыңызға мәлім, ол жерде өз-өзіне қол жұмсау фактісі болған. Қазір Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - деді Ерлан Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше,  бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүріп жатыр.