Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Disko party» кеші жалғасын тапты. Бұл туралы Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» хабарлады.
Өткен аптаның сенбісінде Мырзакентте өткен шараға қатысушы жастардың аудиториясы кеңейіп, қызығушылықтарының артқан байқалды. Жазғы
демалыстарын мәдени-көпшілік шаралармен қызықты өткізуге ниетті аудан
жастары көңілді кеште «Street dance», «Karaoke battle», «break
dance»-тен ұйымдастырылған сайыстарға белсене қатысып, өзара мықтыларды
анықтады. Негізгі мақсаты – Мақтаарал жастары арасында достық
қарым-қатынасты нығайтып, жастардың бос уақыттарын мәдени-көпшілік
іс-шаралармен толықтыру, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, әлемдік
ән, би өнерлерінен хабардар ету болып табылатын шарада жастардың
белсенділігі жоғары болды.
“Бұл шара әлі жалғасын табатын болады.
Біз осындай көңілді кештеріміз арқылы тасада танылмай жүрген әнге, биге
таланты бар өнерлі жастарымызды анықтап, оларға қолдау көрсету ниетіміз
бар. Әрине, бірінші кезекте – аудан жастары арасында достық
қарым-қатынасты нығайтсақ дейміз” дейді аудандық “Жастар ресурстық
орталығы” КММ басшысы Сүндет Кенжебаев.