Созақта «Жастар ресурстық орталығына» жаңа ғимарат салынады

Қысқаша

Созақта «Жастар ресурстық орталығына» жаңа ғимарат салынады


 Без названия.jpg

«Жастар жылында» Созақ ауданында «Жастар ресурстық орталығына» арнап жаңа ғимарат салынып жатыр.

 -Жаңа  2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз      Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны – «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Осының дәлелі ретінде Созақ аданы бюджеті есебінен аудан жастарына қолдау көрсету мақсатында Шолаққорған-Шымкент тас жолы бойынан  заманауи жабдықтармен жабдықталған «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының құрылысы басталып, қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда,-делінген Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығының» берген мәліметінде.

         Мемлекетіміздің  жастар саясатын дамыту мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес аудандық, облыстық және республикалық дәрежеде көптеген шаралар атқарылып келеді.

Аталған мекемемен жыл соңына дейін жоғары дәрежеде 200 ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарлануда.