«Жастар жылының» игілігі

Қысқаша

«Жастар жылының» игілігі

Без названия.jpg

«Жастар жылы» аясында Түркістан облысында жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген жолмен несиелер беріліп, олардың жобаларына жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. 

Созақ ауданында бүгінгі күні заңды түрде тіркелген жас кәсіпкерлер саны 315 жасты құрап отыр.

-Жыл басынан бері орталық мамандары әр ауыл округ, кенттердегі кәсіпкерлік ашуға ниеті бар жастармен, мектеп бітіруші жастармен және жұмыссыз жастармен мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.  Нәтижесінде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша  кәсіпкерлік ашуға ниеті бар 15 жастың құжаттары конкурсқа қатыстырылып, алдағы уақытта жобасы тың аудан жастарына пайдасы тиетін жоба анықталуда. «Бизнестің жол картасы 2020» қайтарымсыз несие  бағдарламасы аясында 11 жастың құжаттарын рәсімделіп, қорытындысы анықталуда,-делінген аудандық «Жастар ресурстық орталығының» берген есебінде.  

Айта кетері, жуырда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Жастар жылының игілігін, ең алдымен, жастардың өздері көруі керек. Жастарға баспана қолжетімді болуы тиіс. Олардың жолы ашық болуы керек, жақсы, сапалы өмір сүруі үшін мүмкіндіктер беруіміз қажет. Міне, Үкіметтің бастамалары, ең алдымен, осы міндеттерді назарға алуы тиіс.  Бірақ, мынаны ұмытпауымыз керек. Ең басты міндет, «дайын асқа тық қасық» дегендей, жастарға бақытты өмірді жасап беру емес, оларға өз бақыттарын өздері тауып, мақсаттарына жетуге жағдай жасау өте маңызды,-деген болатын.