Төлебиде жастар еңбек жасағы құрылуда

Қысқаша

Төлебиде жастар еңбек жасағы құрылуда


 e35a600a-805e-453a-b669-870f470a4f26.jpeg

«Жастар жылында» Төлеби ауданында алғаш рет «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы құрылып отыр. «Жасыл ел» жобасы жастарға жазғы демалыс уақытында студенттер жасақтарында әртүрлі бағыттарда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді (ағаш отырғызу, суғару жұмыстары, шөп ору, гүлдендіру). 

Осыған байланысты Төлеби аудандық Жастар ресурстық орталығы жастарды осы жобаға атсалысуға шақыруда. 16-29 жас аралығындағы оқушы, студенттік және жұмыссыз жастарды тамыз айына жұмысқа шақырады. Еңбекақы көлемі 40 000 теңгеден 60 000 теңгеге дейін. Жасақта жұмыс істеу үшін жеке куәлік, зейнетақы қорымен келісім-шарт,  дербес шот («Казпошта» АК немесе банкте)

және  086 түріндегі денсаулығы жайында анықтама мен 

3х4 2 дана фотосурет қажет. Егер студент 18 жасқа толмаса, ата-анасының жазбаша рұқсатын алуы тиіс.


«Жасыл ел» еңбек жасағы 2004 жылы Елбасының бастамасымен жүзеге асқан.  Жыл сайын жоба мыңдаған жалынды жастың басын қосып, жазғы мезгілде жұмыспен қамтып келеді. Биылғы маусымда облыстың аудан-қалаларынан 1300-ге жуық жас жұмысқа тартылады. Олар  жасыл желектерді баптап, ағаштар мен гүлдерді суарады. Көгалдар мен көше бойындағы алаңдарды арам шөптерден тазартады. Жұмыс күні дүйсенбі мен жұма аралығында болады.