Жастар арыстық бүлдіршіндерге арнап семинар өткізді

Қысқаша

Жастар арыстық бүлдіршіндерге арнап семинар өткізді


 67201213_329291664691882_6676477552975937536_n.jpg

Мақтаарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының психологтары “Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы” КММ-нің қызмектерлерімен бірге аталған ауданның Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан балалардың жазғы сауықтыру лагерлерінде болып, Арыс қаласынан келген демалушы 45 балаға "Бақытты балалық шақ" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Бұл туралы мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» хабарлады.
Жастардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастырып, пайдалы қарым-қатынас алгоритмін меңгерту, өзгелердің пікірі мен бағасына, сынына тәуелділікті жеңе отырып ішкі еркіндік, қарым-қатынас пен іс-әрекеттегі батылдықты дамыту мақсатында ұйымдастырылған семинарда оқушылар мен орталық мамандары арасында еркін пікір алмасу алаңы құрылды. Тақырыпқа байланысты әрбір қатысушы өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтысты. Мамандардың ақыл-кеңестерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының мамандары ауданда жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жастардың міндеттері мен құқықтық жауапкершіліктері, әрбір жастың бүгінгі өмірі мен болашағының дұрыс қалыптасуы қоғам үшін аса маңызды екендігі жайында кеңінен түсінік беріп өтті.