Қысқа дайындық аяқталуға жақын

Қысқаша

Жуырда Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мегаполистегі жылу беру қазандықтарының жұмыс істеу жүйесімен танысты.

кыска дайындык.jpg 

Ең алдымен қала басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал. болатын қазандықтың жұмысын көрді. Аталған жылу беру орталығы «Нұрсәт» ықшамауданындағы 60 көпқабатты тұрғын үй мен 8 әкімшілік ғимаратты жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. 

 

Мұнан соң әкім бастаған жұмыс тобы «Солтүстік» шағынауданындағы РК-3 қазандығының және «3-Энергоорталық» АҚ-да болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда бұл орталықтардағы қазандықтарда орташа жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. «3-Энергоорталық» мекемесі қаланың оңтүстік бөлігін жылумен және ыстық сумен, сондай-ақ, қала тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді.

 

Жылу жүйесінің дайындық барысын пысықтаған қала басшысы сапар барысын қорытындылай келе салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, тұрғындардың белгіленген уақытта жылумен қамтылуын міндеттеді. 

 

Осы күні қала әкімі  жылу маусымына байланысты штаб отырысына да қатысты. Жиында мектеп пен денсаулық сақтау мекемелерінің жылыту маусымына дайындығы, ішкі орам көшелеріндегі жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеуі және қаланың тұрғын үй қорын дайындау мәселелері қаралды. Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді айтқан қала басшысы отандық метеорологтар биылғы қыстың суық әрі ұзақ болатынын болжағанын ескертті. Сон дықтан, жылу маусымына мұқият әрі тиянақты дайындалу қажеттігін және мұндай істе қателіктерге жол беруге болмайтынын атап өтті.

 

Ал қаладағы бюджеттік мекемелердің қысқа дайындығы 20 тамызда толық аяқталады. Орталық жылу жүйесіне қосылмаған мектептерге көмір түсірілген.

 



Рейтинг газеті