Түлкібаста 12 жоба іске асырылды

Қысқаша

Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда. 2019 жылы облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына орай, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094 миллион

Тулкибаста 12.jpg

 Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық деңгейдегі қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.

 

Табиғаты керемет, екінші Швейцария атанған Түлкібасқа туристердің қызығушылығы да артып келеді. Ауданға  жыл басынан бері 6 062 турист келген. Оның 473-і шетел азаматы. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1040 туристке немесе 14 пайызға артып отыр.

 

Аудан аумағында 2 қонақ үй: «Карима» және «Ережеп Ата», 2 емдік-сауықтыру орны: «Ақсу-Жабағылы оңалту сауықтыру кешені» және «Ақ-бұлақ балалар өкпе құрт емдік шипажайы», 7 балалар сауықтыру лагері: «Машат-Арасан», «Таң нұры», «Машат Ерке», «Арман», «Б.Саттарханов», «Отырар», «Орбита», 18 демалыс аймақтары келіп демалушы қонақтарға қызмет көрсетеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Түлкібас ауданы аумағында да жол бойы қызмет көрсету орталықтары ашылып, жұмыс істеуде.

 

Сонымен қатар «Гүлдер», «Водник» балалар лагерлерін де қайта құрылымдау, қалпына келтірту жұмыстары жүргізілуде.

 

Аудан аумағында туризм саласын дамытуға бағытталған біршама инвестициялық жобаларды биыл іске қосу жоспарланып отыр.

 


Рейтинг газеті