Құлниязов турнирінен қос қола

Қысқаша

Алматы қаласында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Жанбек Құлниязовтың жүлдесі үшін бокстан 2003-2004 жылы туған қыздар арасында халықаралық турнир өтті. Жанбек Құлниязов бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың жек

67280253_357949941768041_8273162573323436032_n.jpg

Аталған турнирге еліміздің және Моңғолия, Өзбекстанның кіл мықтылары қатысты. Дүбірлі додаға жаттықтырушы Шыңғысхан Демеуов бастап барған Түркістан облысының боксшылары қатысып, тұғыр биігінен көрінді. Атап айтар болсақ, 44 келі салмақта бақ сынаған Әсел Тұмарбек финалдық сынға бір саты жетпей сүрініп, жүлделі 3-орынға қол жеткізді. Сонымен қатар, 60 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Маржан Сарсенбек жартылай финалда алматылық қарсыласына есе жіберді. 3 раундқа созылған қызықты әрі тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан ол, қоланы қанағат тұтты.

Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ-де жаттығатын былғары қолғап шеберлері жеңісті жолын жалғастырады деп сенеміз. Себебі, бұл турнир қазан айында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі саналады.

Рейтинг газеті