Кішкентай Серікболсынның үлкен ерлігі

Қысқаша

Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов Арыстағы балаларға 54 360 теңгесін көмек ретінде берген Серікболсын Аманбайұлын қабылдап, алғыс білдірді.

IMG_0994.JPG

Серікболсын Созақ ауданы, Таукент кентіндегі Сүгір Әліұлы атындағы мектептің 5 сынып оқушысы. Ол жыл сайын ұсақ теңгелер жинап, жазғы каникулда Шымкент қаласына қыдыратын және өзіне қажетті заттарын сатып алатын.

 

Арыс қаласындағы жағдайға бей-жай қарамай, биылғы жиған 6,5 келі, яғни 54 360 теңгесін арыстық балаларға жіберу үшін Таукент кенті әкімшілігіне өткізген.

 

 Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов Серікболсын мен оның әкесі Аманбайды арнайы қабылдады. Өзі кішкене болса да, үлкен жүректі балаға велосипед тарту етті.

 

- Серікболсындай жас өркеннің көпшілікке үлгі болар ісі көкейге қуаныш ұялатты. Егеменді еліміздің болашағы болар жас толқынға деген сенім осы игі іс арқылы бұрынғысынан нығая түсті деп санаймын, - деген аудан әкімі Серікболсын мен оның ата-анасына алғыс айтты.

 

Рейтинг газеті