Жобаны халықаралық сарапшылар талқылады

Қысқаша

Төле би ауданы, Қасқасу елді мекені, ««Еco Vіllage Кaskasu» демалыс аймағында «Қасқасу» тау-шаңғы курортын дамыту бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

каскасу.jpg

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай,  «дөңгелек үстелге» мемлекеттік органдар, «Dіaneіge France», «STEM Іnternatіonal France»,  «MND Group France» сияқты халықаралық компаниялардың сарапшылары, Ресей және еліміздің халықаралық шаңғы федерациясының инспекторлары қатысқан.  Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтің басшылығымен өткен іс-шараның басты мақсаты – жобаны халықаралық сарапшылармен алдын ала талқылау және ұсыныс - пікірлерін білу.

 

Жиында сөз алған «MND Group France» компаниясының директоры Фрере Эдди  жобаның техникалық экономикалық тұрғыдан тиімді жасалынғандығын және өңірдің дамуына зор үлес қосатын айтса, Халықаралық шаңғы ферерациясының инспекторы Андрей Обыскалов жоба жүзеге асқанда құрылықтық және халықаралық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік пайда болатынын жеткізді. Бүгінгі таңда «CG Group» компаниясы қонақ үй кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде келушілер саны 110 мыңнан 140 мың адамға дейін артады деп күтілуде.