Түрмеде кітап жазып шықты

Қысқаша

​«Осы өткен 34 күнде кітап жаздым, «Түрме: вице-министрдің көзімен» атты кітап жақын арада жарыққа шығады.


 Онда әйелдердің абақтыдағы жағдайы баяндалады. Кітапта көптеген пікірлер қамтылады, оқырман қауымға қызықты болады деп ойлаймын. Онда тек өзім жайлы автобиография ғана емес, сонымен қатар жалпы мәселелер жазылады».

 

Сот үкімімен 6 миллион теңге жуық айыппұл төлеуге сотталып, сот залынан бостандыққа жіберілген бұрынғы білім және ғылым министрі Эльмира Суханбердиева осылай дейді.

 

Жалпы Э.Суханбердиеваға қатысты тергеу, соттау амалдары өте тез өте шықты. Себебі ол өзіне тағылған айыптарды мойындаған.

 

Ақпарат құралдарында жазылған материалдарға қарағанда, Суханбердиеваға қызмет бабын теріс пайдаланды  деген және басқа да айыптар тағылған.