«Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленсін: Рамиля Рафкатовна Искандероваға 2 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 7,5 пайызы берілді. Айгүл Жарылқасынқызы Қапбароваға 23 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 85,0 пайызы, ал Әлішер Гапиржанович Сатвалдиевке 2 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 7,5 пайызы берілді», - делінген Орталық сайлау комиссиясының таратқан ақпаратында.
Айгүл Жарылқасынқызы журналистика саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар. Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық телеарнада, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеп, тәжірибе жинаған. Соңғы жылдары «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің құрылтайшысы саналатын «Шымкент ақпарат орталығы» серіктестігіне басшылық жасаған. Сонымен бірге Қазақстан журналистер одағының Шымкент қалалық филиалына төрайымы қызметін атқарып етіп келеді.
Әріптесіміздің Сенаттағы жұмысына сәттілік тілейміз!
Рейтинг газеті