– Қытай Халық Республикасымен, Қырғызстанмен, Түрікменстанмен демаркациялау шаралары аяқталды. Бұдан бөлек, Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекарасымен түйісетін жер бойынша арнайы келісім бар. Қазіргі кезде Өзбекстан республикасымен, сондай-ақ, Ресей федерациясымен мемлекеттік шекараны демаркациялау аяқталуға жақын. Аталған шаралар осы жылы, я болмаса, келесі аяқталады деген болжам бар, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов журналистерге берген сұхбатында. – Негізі Өзбекстанмен барлық мәселе шешілді. Қазіргі кезде екі жақ құжат мәтінін тексеруде. Осы жұмыстан кейін қол қойылады. Ал Ресеймен соңғы учаске – Шығыс Қазақстан облысы ғана қалды. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының бойымен шекара бекітілген. Арнайы белгілер де орнатылды.
Рейтинг газеті