Қазақстан мүшкіл халде емес

Қысқаша

Қазақстан сөз бостандығы сақталатын елдердің рейтингісінде жақсы көрсеткішке ие. Мұны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

Абаев.jpg

– Мен сөз бостандығы рейтингісі бойынша бізден озатын елдерді мұқият зерделеп шықтым. Көптеген елде журналистердің ізіне түсіп, құқықтары әжептәуір шектеледі. Ал Қазақстанда сөз бостандығы мүшкіл халде емес, – деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.

 

 Абаевтің «көптеген елде» деген сөзіне қарағанда, Қазақстанда бұл саладағы көрсеткіш «көптеген елдермен» салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Көптеген елдерді басып озып келеміз. 

 

– Біз жағымды, заңнамалық дүниелерден бастауымыз керек. Бірақ бұл бағытта маңызды қадамдар жасалды. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылданды, – деді ведомство басшысы.

 

Министрдің айтуынша, журналистерге ешкім жоғарыдан өзін қалай ұстап, не жазып, не сөйлеу керектігін үйретпейді. Бірақ есесіне бізде ақпараттық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік тапсырыстың көп екендігін жасыруға болмайтын шығар. Әлде бұл үйретуге жатпай ма?

 

Рейтинг газеті