Бас дәрігер парамен ұсталды

Қысқаша

Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысындағы аудандардың бірінде орталық аурухананың бас дәрігерін пара алды деген күдікпен ұстады.

бас даригер.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бас дәрігер балаларды тамақтандыру бойынша мемлекеттік сатып алу келісімі негізінде атқарылған жұмыстардың құжатына қол қою жолымен жеке компанияның өкілінен 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

 

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Рейтинг газеті