Колхоздан шыққан президенттер

Қысқаша

Қырғызстанда енді президент Сооронбай Жээнбековке қарсы шабуыл басталды. Бішкекте «Коррупцияға қарсы шынайы күрес» деген ұранмен митингі өтті. Оған парламент депутаттары, экс-президент Алмазбек Атамбаев қатысты. Белсенділердің айтуынша, қазіргі президент

 

Колхоз-1.jpg

колхоз-2.jpg

колхоз-3.jpg

 Осы митингіде қабылданған құжатқа қарағанда, Сооронбай Жээнбеков коррупцияға қарсы күресті желеулетіп, өзіне ұнамаған саяси тұлғаларға қарсы қуғын-сүргін ұйымдастырған.

 

-Жээнбеков қазіргі қалыптасып отырған жағдайға тікелей кінәлі. Елдің құқықтық жүйесіне кәсіби біліктілігі төмен, қылмыстық топтарға қатысы бар мамандар кіріп алған. Ал президент солардың айтқанынан шықпайды,- делінген құжатта. Ал Алмазбек Атамбаев қаттырақ кеткен сияқты.

 

-Қырғызстанға басынан колхоз бен қоқан хандығы шықпайтын президент керек емес. Сооронбай Жээнбеков колхозда зоотехник болып істеген. 2010 жылы губернатор болды. Спикердің ағасы болғандықтан кадрлық мәселеге де араласты. Мен оны адал азамат деп есептедім. Сол себепті президент аппаратына, премьерлікке, президентікке ұсындым. Жээнбеков елде менен кейінгі екінші адам болды. Кейін жамандықтың бәрі соның қолымен жасалды,- деді Атамбаев.

 

Экс-президенттің айтуынша, Жээнбековтің жемқорлармен тікелей байланысы бар. Ол Қуанышбек Құлматовтың Кеден қызметінің төрағалығына тағайындалуына ықпал еткен. Осы жылдары «Раим-миллион» деген лақап атымен танымал азаматпен тығыз байланыста болған көрінеді. Сайлау науқаны кезіндегі ақшаларды осы азаматтан алған. 

 

-Сооронбай Жээнбеков сайлауға 24 миллион доллар ақша салды. Мен қатты таңқалдым. Маған олар шындықты айтқан жоқ. Кейін ол Сапар Исқақов пен Қуанышбек Құлматовты «Раим-миллион» үшін түрмеге отырғызды. Бізге қазір парламенттік республика қажет. Біз Жээнбековтың колхозы немесе оның бағып жүрген қойлары емеспіз,- деді Атамбаев.

 

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы бойынша зооинженер. Еңбек жолында Ош облысындағы «Совет» колхозында зоотехник болып  істеген. Атамбаевтың Жээнбековті зотехник деп келеке етіп отырған себебі сол. Алайда Атамбаев колхозшы-зоотехникті қалайша премьерлікке, президентікке ұсынғанын айтқан жоқ.

 

Қазіргі мемлекет басшыларының ішінде колхоздан шыққан кадрлар аз емес. Солардың бірі Беларустің президенті Александр Лукашенко. «Батька»  1985 жылы Беларусь ауыл шаруашылығы академиясын сырттай бітірген. 1982 жылы Шклов ауданындағы «Ударник» колхозы төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. 1985-87 жылдар аралығында Ленин атындағы колхозда партком болған. Ал 1987 жылдан бастап совхоз директоры болып істеген. Бәлкім Беларусьте ауыл шаруашылығының жақсы дамығаны президенттің бұрынғы колхозшы, ауыл шаруашылығын жақсы білетін маман екендігімен байланысты шығар.

 

Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон да төраға болған. Ол 1976 -1988 жылдар аралығында Куляб облысындағы колхозда хатшы, кейін кәсіподақ жетекшісі болып істеген. 1988 жылдан бастап Ленин атындағы совхоздың директоры қызметін атқарды. Совхоз директоры Э.Рахмон айналдырған екі-үш жылдың ішінде президент болады деп ол кезде ешкім ойламаса керек.

Рейтинг газеті