Сайлауды 1013 байқаушы бақылайды

Қысқаша


Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқау үшін 1013 байқаушы аккредиттелді.

 сайлауды.jpg

Оның ішінде 866 байқаушы 9 халықаралық ұйымнан және 147 байқаушы 41 шет мемлекеттен. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

 Байқаушылардың жалпы санының 43-і шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылады. Сонымен қатар байқаушыларды жіберген мемлекеттер 4 құрылықтан: Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америкадан ұсынылған.

 

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сайлау барысы туралы ақпарат тарату үшін  әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік тілші аккредиттелген

 

- Жалпы, ҚР СІМ әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік корреспондентті аккредиттеді. Сонымен қатар, министрлік жанында тұрақты негізде шетелдік БАҚ-тың 121 шетелдік корреспонденті тіркелген. Бұл әлемдік қоғамдастықтың біздің елімізге деген жоғары қызығушылықтың және мемлекеттің саяси және әлеуметтік өміріндегі болып жатқан өзгерістердің айқын көрінісі, - делінген министрлік хабарламасында.

 

2015 жылы өткен президенттік сайлауға 168 шетелдік БАҚ өкілі тіркелген еді.

 Рейтинг газеті