Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы М.Пшембаевтың бұйрығымен Бастар Есқараев Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы-мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор лауазымына тағайындалды.
Бастар Әуелханұлы әр жылдары облыс әкімі аппараты Тәртіптік Кеңесінің бас маманы, бас инспекторы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ОҚО бойынша департамент директорының орынбасары, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы, ОҚО тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, ал жаңа қызметіне дейін Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.