Зеленский Інжілмен ант берді

Қысқаша

20 мамырда Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленский ресми түрде міндетін атқаруға кірісті. Ұлықтау рәсімі кезінде ол Украинаның Конституциясына және Інжілге қолын қойып тұрып ант берді.

зеленский.jpg

Зеленский Үкіметтің отставкіге кете беруіне болатыны мәлім етті. Ол мұны Жоғарғы Радада өткен жиында айтты.

 

- Мен біздің Үкіметті түсінбеймін. «Қолымыздан ештеңе келмейді» дегеннан басқаны айтпайды.  Сіздер енді орындарыңызды босатыңыздар. Бізге келесі сайлауды емес, келесі ұрпақты ойлайтындар керек. Халық осыны бағалайды,- деді Зеленский. Президент биліктегілердің бәрін босататын сияқты. Басынан бастап, аяғына дейін.

 

Әрине, мұның бәрі тек айтуға оңай. Өмірінде мемлекеттік қызметте істеп көрмеген Зеленскийдің бірдеңені қатыратынына әлі сенім жоқ.

 

Зеленский Жоғары Раданы да таратып жіберді.

Рейтинг газеті