Сенат спикері аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны Бермуд үшбұрышына теңеді. Өйткені осы жобаны іске асыру үшін жыл сайын миллиардтап бөлінетін қаржы суға сіңген құм сияқты жоқ болады.
– Тәуелсіздік жылдарында өңірлерді ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне 540 миллиард теңге жұмсалды. Бірақ, неліктен көптеген елді мекендер әлі де ауыз суға қол жеткізе алмай отыр? Бұл бағдарлама қаражаты жұмбақ жағдайда жоғалып кететін Бермуд үшбұрышы сияқты, – деді Д. Назарбаева Сенат депутаттарының орталық атқарушы және жергілікті өкілетті органдардың басшыларымен кездесуінде.
Сенат төрайымына бұл феноменді ешкім түсіндіре алмады. Жергілікті билік те бұл мәселені шеше алмады. Тіпті, ауыл әкімдеріне өздерінің бюджеттерін қалыптастырудың сирек мүмкіндігі берілгеніне қарамастан, мәселе шешілмеді. Өйткені, бұл әлі пайда әкелмеді.
Статистика бойынша республикадағы ауылдық округтердің 95 пайызы дотациялы және жоғары бюджеттерден қаржыландырылған. Ал жыл сайын олар үшін қазынадан 100 млрд теңге бөлінеді, бірақ оның нәтижесі көпшілік күткендей емес. Сонда да Үкімет үмітін үзбей биыл тағы да Ұлттық экономика министрлігі тарапынан анықталған 1753 перспективті ауылға «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 90 миллиард теңге бөлді. Дегенмен, жарты триллион жұмсаса да ауызсу мәселесін толық шеше алмаған билік 90 миллиардпен қалай үлгілі ауылдарды қалыптастырмақ? Түсініксіз әйтеуір...
Рейтинг газеті