Ана мен бала дәрігерін даярлайтын орталық

Қысқаша

Түркістан қаласында Денсаулық сақтау басқармасының және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ұйымдастырумен медицина мамандарының біліктіліктерін арттыруға бағытталған оқу орталығы іске қосылды. Ашылу рәсіміне басқарма басшысы Мұқан Егізбаев пен ЮНИСЕФ-тің Қазақс

Аталған орталық алдағы уақытта аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай балалары бар отбасылар үшін әмбебап – озық үлгідегі кешенді қызмет көрсете алатын патронажды медбикелерді даярлап шығаратын болады. Орталық жыл сайын мыңдаған патронажды медбикелерді, дәрігерлерді, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды, сонымен қатар, балалардың толыққанды  дамуы жайлы ата-аналарды ақпараттандыруға қажетті біліммен қамтамасыз етпек.


   Негізгі мақсаты – дұрыс білім беретін мекемелерді құру және денсаулық сақтау жүйесіне қажетті ана мен баланың денсаулығын қорғайтын медициналық, әлеуметтік қызметкерлердің саны мен сапасын жақсартуды қамтамасыз ету.


   Аталған орталықтың ашылуына орай, Түркістан облысы әкімдігі мен ЮНИСЕФ-тің өкілі арасында меморандум түзілді. Халықаралық ұйым өкілі Юрий Оксамитныймен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  «Ресурстық орталықтың ашылуы біздің өңір үшін маңызды оқиға. Балалардың денсаулығын жақсарту – басты орында болу қажет. Жақын арада орталықтың жұмысы біздің өңірдегі аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай бүлдіршіндері бар отбасылардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға оңтайлы әсер ететіндігіне сенімдімін», - деді.

Рейтинг газеті