Заретаның соңғы үміті – әкімде

Қысқаша

Қай заманда да, паразит тектес адамдар болған. Олар терлеп-тепшіп еңбек еткілері келмейді. Жандарын қинамайды. Әлдекімге кенеше «жабысып алып» күн көруді жөн санайды. Одан артық ештеңе керек емес. Егер әлдене қажет болса, әкімдік есігін тоздырады. Мүгед

DSC_0226.JPG

  Шымкентте аз-кем танымалдығы бар 26 жастағы Зарета Өтемісқызы дипломды маман атануды қалайды. Оның алға қойған мақсаты көп. Бірақ, мақсатына жетуіне жоғары білімінің жоқтығы кедергі келтіріп отыр. Аяқ-қолының кемтарлығынан жігері жасымаған, тілемсектенуді жек көретін қайсар Заретаның сағын «дипломың жоқ» деген сөз сындырып жатыр. Қаратау ауданы әкімінің есебінде Зарета қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтан осыған көмектесуді сұрады. Сол жерде біз Заретамен тілдескен едік.


  – Қала әкіміне өтінішімді жеткізуге қол ұшын созған Қаратау ауданы әкімдігіне ризашылығымды білдіремін, – дейді белсенді қыз. – Олар мені жұмысқа қабылдап, барынша қолдап отыр. Мұнда қоғамдық жұмыстармен айналысамын. Жұмысым өзіме ұнайды. Осыған дейін колледж бітіре сала көп жерде бағымды сынап көрдім. Десе де, мен бұдан да биіктегім, өскім, ешкімге кіріптар болмай өзімді тапқым, жетістікке жеткім келеді. Яғни, бір орында тұрып қалмай, әрдайым даму үстінде болғанды қалаймын. Бірақ, оған орта арнаулы білімім мүмкіндік бермейді.


  – Жоғары оқу орнына түсе алмауыңа не себеп? 


  – Мен құжатымды құшақтап талай рет ЖОО табалдырықтарын тоздырдым. Бірақ, олар мені әрқашан «ертең келіңіз, арғы күні келіңіз» деп шығарып салады. Кейін барсам «анау жоқ еді, мынау жоқ еді» деп алақан жаяды. Қысқасы, үмітім үзіле бастады. Ұзақ күтуге төзімім қалмай барады. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ал, нәтиже жоқ. Бұл мәселені тек қала әкімі ғана шеше алады деп ойлаймын. Әйтпесе, бүгін есепке келіп, әкімнен көмек сұрағым жоқ еді. Бұл қадамға амалым жоқтықтан барып отырмын.

Себебі, маған әр жерден түрлі тиімді ұсыныстар түсіп жатыр. Дегенмен, олар талап қойып отыр, «жоғары білім алсаңыз» деген. Бұл жаныма ауыр тиеді. Қатты ойланып кетемін. «Расында дипломым болса, өзім қалаған жерлерде жұмыс істей алады екенмін ғой» деп.


  – Енді бұл кездесуден не күтесіз?


   – Бәрі дұрыс жағынан шешіледі деп үміттенемін. Қала әкімі білім басқармасына тапсырма берді. Енді жақсы жаңалық күтемін. Әлгінде әкімге сұрақ қойғанымда оның қолын алуды сұрадым. Әкім жиын біткен соң өзі келетінін айтты. Бұл өтінішім бекер емес. Мен әкімге рахмет айтқым келеді.

Былай қарасаңыз қалада істеліп жатқан жұмыстар аз емес. Мен тұрғындарды сабырға шақырамын. Тек жаман жақтарын көре бермей, жақсы жақтарына да қарауды сұраймын. Бұрын біз тұратын жерде газ жоқ еді. Қазір Құдайға шүкір бәрі бар. Сондықтан да тұрғындардан әкімдік жұмысына түсіністік танытуды өтінемін.

 

Осылайша, Зарета бізбен армандарымен бөлісті. Оның ең басты арманы – елінің дамуына үлес қосу. Мейлі, онысы тамшыдай үлес болсын, маңызды емес. Ең бастысы осы процесте шетте бақылаушы болмай, ортада жүргенді қалайды. Ол үшін қала әкімдігі талпынып тұрған Заретаның өтінішін жерде қалдырмай, білім алуына мүмкіндік берсе. Себебі, білімге салынған инвнстицияның қайтарымы зор болмақ. Жастар жылында Зарета студент атанып, мерейі үстем болады деп сенеміз.

Рейтинг газеті