«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты кездесу өтті

Қысқаша

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты кездесу өтті

Screenshot_17.jpg

Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Жұлдызды - 30 күн" іс-шаралар жоспарына сәйкес  «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті.  

Іс-шараның мақсаты -  жастарға  Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.

Ел тәуелсіздігің басты жетістіктерінің бірі - ұлттар арасындағы достық, татулық, бірлік. Татулық болған жерде өсіп-өркендеу, даму болатыны белгілі. "Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді" демекші, бірліктің берері мол. Сондықтан да қоғамда әрқашан татулықты насихаттап жүрген абзал.

Кездесу барысында қатысушылар түрлі ұлт өкілдері бір-біріне алғыс айтып, бірлікті насихаттады. Ұлттар болып бөліну дұрыс еместігін, барлығы бір үйдің балаларындай бірлесіп қимылдаса ғана алға қарай жылжитындарын мәлімдеді.

Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталды.