Шымкентте «Ерлікке тағзым» атты іс-шара өтті

Қысқаша

Шымкентте «Ерлікке тағзым» атты іс-шара өтті

Screenshot_16.jpg

Ерлік тағзым - өскелең ұрпақтың басты парыздарының бірі. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінде ата-бабаларымыздың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Олар тәуелсіздік жолында қасық қаны қалғанша арпалысып, жанын берген кездері аз болмаған. Ата-бабамыздың жанкештілігің арқасында бүгінде ұлан-ғайыр жерге ие болып, игеріп отырмыз. Сондықтан да жас буынға тәуелсіздік жолында аттандаған ата-бабмыз, көзі тірі қарияларымыз туралы ылғи үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырған аса маңызды. 

Осы орайда жақында Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және "Шығармашыл жастар" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тұңғыш  президент күніне орай "Ерлікке тағзым"атты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында жастарға Тұңғыш президенттің өткен жолы және қазіргі таңда жастар қандай болу тиіс, жастар Еліміздің болашағы екендігі қозғалды.

Аталмыш іс-шараға Абай ауданы ардагері, металлургшы Тұрдалы Усманов қатысты. Ардагер қария жастарға өмір жолынан естеліктер айтып, еліміздің болашағына көз жүгіртті. Өткен күн мен бүгінгі күнгі салыстырып, өнегелі ойлар айты. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, жастарға ақыл-кеңесін берді.

Іс-шара барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай өтті.