«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ашық сабақ өтті

Қысқаша

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ашық сабақ өтті

Screenshot_15.jpg

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласы әкімдігі бекіткен «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес жақында «Шымкент көпсалалы колледжінде» «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» атты ашық сабақ өтті.

Іс-шараның мақсаты - білім алушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру, патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу, Елбасының өмір жолы мен ерен еңбегімен таныстыру болды.

Ашық сабақта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына тоқталып, оның ел басқарған кездегі сарабдал саясатына көп мән берілді. Елбасының Қазақстанды экономикалық тығырықтан алып шығып, бүкіл әлем елдері танитын қуатты мемлекетке айналдыру жолындағы жетістіктері айтылды. Ашық сабақта студенттер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар ала білді. Сонымен қатар, олар өздері де Елбасы салған сара жол туралы айтып, оның білім саласына жасаған жағдайын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Студенттер ашық сабақ барысында ән шашу айтылып, би биледі. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Ең бастысы студенттер өздеріне қажетті ақпаратты ала біліп, Қазақстан тарихымен, тәуелсіздік жылдарындағы толағай жетістіктермен танысты.