«Тәуелсіз Қазақстанның жастары - ел болашағы» атты пікірсайыс өтті

Қысқаша

«Тәуелсіз Қазақстанның жастары - ел болашағы» атты пікірсайыс өтті

Screenshot_14.jpg

Жақында Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және "Тамақтандыру индустриясы және сервис " колледжінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Жұлдызды - 30 күн" іс-шаралар жоспарына сәйкес "Тәуелсіз Қазақстанның жастары - Ел болашағы" тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа қаланың белсенді жастары қатысты. Олар бұл шараға жоғары дайындықпен келді. Барлығы пікірсайысты жоғары деңгейде өткізу үшін барын салды. 

Іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу; Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту, Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу болды.

Пікірсайыс барысында жастар Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдардағы жеткен жетістіктерін саралап, өткенді еске алып, болашаққа көз жүгіртті. Қазақстан болашағына болжам жасап, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін ұлғайтуды ұсынды. Нақты ұсыныстар айтылып, түрлі шешім жолдары көрсетілді. Пікірсайыста белсенді, ақылды жастардың біраз ойлары қағазға түсіріліп, тиісті жерлерге берілетін болды. Осы арқылы қоғамның рухани-мәдени дамуына үлес қосылады. 

Пікірсайыста " Ұшқын" командасы жеңіске жетті. Қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Қатысушылар осы іс-шараны ұйымдастырғандарға алғыс білдіріп, алдағы уақытта осындай пікірсайыстар көптеп өте беруін айтты.