Шымкентте «Елбасы жолы. Астана» фильмі көрсетілді

Қысқаша

Шымкентте «Елбасы жолы. Астана» фильмі көрсетілді

Screenshot_13.jpg

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында жақында “Елбасы медалі” бағдарламасының қатысушылары  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны бейнеленген «Елбасы жолы. Астана» фильмінің көрсетіліміне қатысып, картинаны тамашалады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік жылдарындағы ең негізгі жобаларының бірі - Астана. Бұрын Қазақстан Республикасының астанасы - Алматы қаласы болатын. Дегенмен тәуелсіздіктен соң астананы басқа жаққа көшіру керек болды. Себебі Алматыда халық саны күрт артып, қолайсыздықтар тудырды. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өте маңызды тарихи шешім қабылдап, астананы - Ақмола облысына көшірді. Яғни Қазақстанның жаңа астанасы нөлден бастап қалады десе болады. Ғасырлар тоғысында жаңа мекенге көшкен Астана бүгінде атауы - Нұр-Сұлтан болып өзгеріп, әлемдік деңгейдегі қалаға айналды. Нұр-Сұлтан саяхаттап келуші туристер саны да күн санап артуды.  

Туындының режиссеры А.Сатаев ел тарихынан, Елба­сы­ның өмір жолынан шынайы деректер ұсынады.  Оның тәуелсіздік ше­жіресін, жаңа Астананың алғашқы қадамдарын көрсете білген.

Фильмді тамашалаған көрермендер жоғары бағалап, алғыстарын білдірді.