«Тәуелсіздік ұланы» атты іс-шара өтті

Қысқаша

«Тәуелсіздік ұланы» атты іс-шара өтті

Screenshot_11.jpg

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жаудан қорғап, әрбір қадам жерін көздің қарашығындай сақтаған. Сондықтан да отан қорғаушы - ер азаматтардың қоғамда рөлі ерекше. Олар жастайынан елін, жерін қорғауды, бұрынғыдай білектің күшімен емес, білімнің күшімен де қорғауды игеріп, соған адал болғаны аса маңызды.

Осы орайда Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының қолдауымен Техникалық колледжде «Тәуелсіздік ұланы» атты студент ер балалар арасында жігіт сұлтаны өтті.

Аталмыш сайыстың мақсаты – Тәуелсіздік жолында қазақ халқының басынан өткерген тарихи оқиғаларына сыйластық және құрметпен қарап, Республика тарихына дұрыс түсінік пен шынайы көзқарасты қалыптастыруда студенттердің бойында патриоттық рухын тәрбиелеу болды. 

Студент ер жігіттер қол күрес, кір тас көтеру, тир ату спорт түрлерінен және салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап айдары бойынша сайысқа түсті.

Сайыс нәтижесінде жеңіске жеткен қатысушыларға жастар орталығының атынан алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар тарту етілді. Іс-шараға қатысқан студенттер жағымды әсер алып, бойларын патриоттық сезім оянды.