«Тұғыры биік - Елбасы» атты мерекелік шара өтті

Қысқаша

«Тұғыры биік - Елбасы» атты мерекелік шара өтті

Screenshot_12.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тарихында алар орны ерекше. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде, аяғын тәй-тәй басқан Қазақстанды қатарға қосып, алпауыт елдермен иық қағыстырып тұратындай деңгейге жеткізді. Бүкіл әлем елдері Қазақстанды танып, онымен іскерлік байланыстар орнатты. Қазақстанға инвестиция салып, бірлесе жұмыс істеуді қолға алды. Елбасының ерен еңбегінің арқасында қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы артып, тұрмыс деңгейлері артты. Сондықтан да Елбасының еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау аса маңызды. 

Осы орайда бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының қолдауымен Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұғыры биік-Елбасы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты - Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу. Студенттер жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу болды. Іс-шараға студенттер, өнерлі жастар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Оларға Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берілді.