Жастар «Елбасы жолы» көркем фильмін тамашалады

Қысқаша

Жастар «Елбасы жолы» көркем фильмін тамашалады

Screenshot_10.jpg

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің дамуына сіңірген орасан зор. Елбасы Қазақстанды тәуелсіздік жылдары әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосып, бәсекеге қабілетті етті. Сондықтан да келер ұрпаққа Елбасы өмірін насихаттаған аса маңызды.

Осы орайда Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Тамақтандыру индустриясы және сервис " колледжінің  студенттеріне "Елбасы жолы" көркем фильмі көрсетілді.

Негізгі мақсаты - Жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу;  Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту. Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу болды.

Қорыта айтқанда, «Елбасы жолы. Астана» фильмі экран арқылы ел тарихынан, Елба­сы­ның өмір жолынан шынайы деректер ұсынады. Оның тәуелсіздік ше­жіресін, жаңа Астананың алғаш­қы қадамдарын көрсете оты­рып, елдік сананы көтеруге, ұр­пақ тәрбиесіне оң ықпал етері анық.

Сондай-ақ көркем және де­рек­ті фильмдер түсіріліп, алыс жә­не жақын елдердегі талай құ­пия­ны ішіне бүккен мұрағаттар ақта­рылып, олардан табылған та­ри­хи құжаттар ғылыми ай­на­лымға енгізілді, өткен шақтан сыр суыртпақтар музейлер қа­тарға қосылды. 

Әрине мұның барлығы біз­дің елдігімізді, ұлт болып ұйыс­қа­ны­мызды, ұлт­тық идеоло­гия­­мыздың іргесін нығайтуға тү­бе­­гейлі бет бұрға­нымызды біл­діреді.