«Тәуелсіздік - Тәңір берген тәтті сый» атты іс-шара өтті

Қысқаша

«Тәуелсіздік - Тәңір берген тәтті сый» атты іс-шара өтті

Screenshot_9.jpg

Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және Энергетика Және Байланыс Колледжінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік тәңірдің берген сыйы" атты іс-шара өтті. Расында тәуелсіздік - екінің бірінің қолы жетпейтін асыл қазына, баға жетпес байлық. Байлығы бастан асса да тәуелсіздігі жоқ басыбайлы мемлекеттер бар. Олар тәуелсіздіктің зор бақыт екенін түсінеді. 

Жастарға Тәуелсіздік қазаққа қанмен, жанмен келген қасиетті де киелі ұғым екенін түйсіндіру аса маңызды. Көк аспанның астында көк тудың күнделікті желбірегенін көріп жүрген бізде арман жоқ екенін білген өзекті.

Тарихтың тереңіне көз салар болсақ, еңселі ел болуды ертеден-ақ ойлаған. Сол жолда қаншама қан төгіліп, қанша жас қыршын кетті. Арғысы көк түріктің сарынынан, бергісі Махамбеттің жырларынан Көк бөрі ұрпағының көкке ұмтылысын айқын көре аламыз. Бүгінгі күнге мың шүкір деп айтты бүгінгі таңның жастары.

Колледж студенттері іс-шара барысында тәуелсіздікті жырлап, оның құндылығына тоқталды. Бұл іс-шараның тәрбиелін мәні зор болды.