Біркөлік шатқалындағы «ALTYN TAU» тау курорты бүгінде ауданның туризм саласының дамуына үлес қосып отырған нысанның бірі. Туристердің сүйікті орнына айналған мекенде бәрі бар. Ең бастысы оның орналасқан жері. Яғни шатқал бөктеріне салынған орталық кімді де болса қызықтырмай қоймайды. Себебі тау тек денені ғана емес, ішкі жан дүниені де емдейді.
Сіз армандаған демалыс орнында:
- Тау етегінде орналасқан үйшіктер мен коттедждер
- Фин саунасы
- Монша
- Бассейн
- Фьюжн ресторан
- Тапшандар
- Караоке бар.
Мұнда жылдың қай мезгілінде болсын әдемі демалып кетуге болады.
Ал ауасы таза, шыңдары көкке қараған, айналасы жасыл желекке оранған өлкені атпен серуендеудің өзі бір ғанибет емес пе?
Демалыс орнының қызметкерлері сіздер үшін тек қана керемет демалысты ғана емес сонымен қатар той-томалақ. Мерекелік кештеріңізді де жоғары деңгейде ұйымдастырып беруге қашанда дайын.