Төлеби жері – ата тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған ата мұраларымызға өте бай өлке. Аудан аумағында 100 ден астам археологиялық, архитектуралық және тарихи ескетркіштер бар. Онда Сақ заманының қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары, қарауыл төбелер, обалар, сондай – ақ халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылақ ата», «Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Ақмешіт», «Мыңшейіт» секілді көпшілік мінәжәт ететін әулие жерлер көптеп кездеседі. Жер жаннаты Ақсу Жабағлы қорығы аймағының басым бөлігі осы ауданның бөктерінді орналасқан. 10 нан астам демалыс орындары мен туристік сауықтыру кешендері бар.
Тау туризмін ұнататындар «Ақ мешіт» шатқалына жиі ат басын бұрады. Аңыз бен ақиқатқа толы мекеннің сұлулығы көз тартады. Мұнда жартастардан арқырап ағып жатқан сарқымалар бар. Еңүлкен сарқыраманың биіктігі 30 метр. Ақмешіт аймағындағы шипажайлар мен демалыс үйлері көктем, жаз және күз айларында демалушылардан бір босамайды. Туризмді дамытуда Біркөлік-Ақмешіт шатқалдарына бас жоспар жасалып, туристік нысандарға баратын жол торабына жол сілтегіштер және әжетханалар қойылған. Сондай-ақ мұнда көлікпен жету де қиындық тудырмайды. Сапалы инфрақұрылым жүргізілген.