Швейцарияға дес бермейтін Қасқасу шатқалы бүгінде туризмнің қайнаған ордасына айналып отыр.
Әсіресе Қасқасудың етегінде жатқан "Батискаф" демалыс аймағы туристерді өзіне тартып тұратын нысанның ірі. Табиғатпен оңаша қалуды қалайтындар үшін, отбасымен бірге керемет демалысты сезінгісі келетіндер үшін нағыз таптырмас жер.
Мұнда барлық жағдайы жасалған заманауи қонақ үйлер оналасқан. Тәулігіне бір адамға бағасы 5000 теңге. 3-4 адамнан жоғары болса 4000 теңге. Ал 5-6 адамға 3000 теңге. Жеті жасқа дейінгі балаларға ақы алынбайды. Жайғасып болған соң демалушылар таудың бал қымызынан дәм татып, атпен серуендеп, велоспорпен де шұғылдана алады. Таза ауада кәуап пісіріп, айналадағы керемет табиғатты тамашалай алады.
"Батискаф" демалыс аймағының бір ерекшелігі тау бөктеріне экскурсия жасауға мүмкіндік береді. Яғни туристер жақын маңдағы ежелден емдік қасиетімен елге тараған, аңызға толы «Күміс бор» үңгіріне саяхаттай алады. Ол үшін көлік те қарастырылған. «Күміс бор» (Серебряный бор) үңгірі емдік суы бар табиғаттың көркем жаратылысы. Осы кереметті көзбен көру үшін көптеген туристер мұнда жаяу келіп, қасиетті судан алып кетеді.