Ағымдағы жылы Төлеби ауданында құны 803 миллион теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Оның ішінде: Қасқасу ауылдық округінде «Көктөбе» демалыс аймағының ішінен құны 513 млн теңгені құрайтын қонақ үй құрылысы жүргізілуде, 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Сондай-ақ Алатау ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Сақыбаев С.» құны 100 миллион теңгені құрайтын қонақ үй құрылысын жүргізуде, 5 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Тағы бір жоба: Алатау ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Рысбаев» құны 120 миллион теңгені құрайтын демалыс орнын ашуды жоспарлауда, 5 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Тағы Алатау ауылдық округінде құны 70 миллион теңгені құрайтын «Әсемай-Біркөлік» шипажайын ашу жоспарлануда. Жоба жүзеге асқан жағдайда 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.