​Жанары жаздай жайнаған, «Балдәурен» бақыт айналаң!

Қысқаша

​Жанары жаздай жайнаған, «Балдәурен» бақыт айналаң!

Screenshot_30.jpg

Қазақ осы - айтатұғын елге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы - аңғал - саңғал жабусыз, Қазақ осы - ағыл - тегіл, көл - көсір. Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін. Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. 230-дан астам ұлт өкілдері мекендейді. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында бір тудың астына біріккен, еңсесі биік, керегесі кең, болашағынан зор үміт күтетін егемен елміз. «ЕЛ» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін ең жақын және өзіне тартушы ерекше бір күш есептес.

– Қазақстан – полиэтникалық мемлекет. Бұл тарихи қалыптасқан дүние. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің көпұлтты халқымыз бейбітшілік пен өзара түсіністікте өмір сүріп, мемлекетіміздің өркендеуіне белсенді атсалысып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этностарын біріктіреді.

Елбасымыздың сындарлы саясатымен құрылған халықтар достастығын нығайту, жастарға үгіт-насихат жүргізу мақсатында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында екінші рет ұйымдастырылып отырған «Шекарасыз достық» Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай достық кездесу – атты 9-ауысымда өз бастауын алып отыр. Ауысымға қатысушылар Мақтаарал облысынан келген балғын балалар. 15 күнге арналған жұмыс кестесі дайындалып, әр күнге өзінің ерекшелігімен көрінетін түрлі іс-шаралармен көңілді кештер, танымдық ойындар, түрлі қызығушылық үйірмелері ұйымдастырылуда. Балаларға ұлтына, еліне, жеріне, тіліне, Отанына деген махаббаттарын сіңдіріп, құрмет көрсетуді үйрету. Біздің еліміз көпұлтты мемлекет болғандықтан үштілділік білім негіз алып отыр. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. 

Screenshot_29.jpg

Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілін білуге, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті. Мақтаарал ауданынан келген балаларымыз - қазақ, өзбек, тәжік ұлт өкілдері. Бір ауамен дем алып, бір жерде мекен еткесін біз кім болсақта бізге бейбітшілік сыйлап отырған мемлекетті құрметтеуге міндеттіміз. Балалармен жұмыс жүргізу барысында ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілін қолданамыз. Орталыққа келген балаларды жас ерекшеліктеріне қарай топтастырып, әр топтың өзінің 15 күндік жауапты ұйымдастырушы-ұстазы белгіленеді. 18 мамырдан бері 4-ауысым бойынша 818 бала және де 8 жетекші орталығымызға келіп жазғы демалысын өткізуде. «Балдәурен» өзіне келген әр баланың өмірінің бір бөлшегі іспеттес. Оның айғағы әр ауысым соңындағы балалардың арман аралымен қимастықпен қоштасқанда білесің. Балалардың бақыт ордасына айналған «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының ғұмыры ұзақ, алар асуы әлі алда деген ойдамын.

Жанары жаздай жайнаған,

«Балдәурен» бақыт айналаң!

Демалыстың қызықты өтуін қаласаң,

«Балдәуренге» кел сен әрқашан!

Screenshot_28.jpg

ЕРНАЗАРОВА Айнұр Шүкірқызы,

«Балдәурен» РОСО филиалының ұйымдастырушы-ұстазы.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы