«Мерейлі отбасы» анықталды

Қысқаша

Байқауға қатысушылар өнегелі отбасы – береке бірліктің қайнар көзі екенін дәлелдеді.

Screenshot_8.jpg

Түркістан қаласында «Мерейлі отбасы - 2019» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шараны Түркістан облысы әкімдігі және өңірлік Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма ұйымдастырды.

Елбасының бастамасымен дәстүрге айналған додада  биыл алтыншы рет өткізілді. Адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғырту мен отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған байқауға 16 аудан-қаладан 58 отбасы қатысты. Арнайы комиссияның шешімімен  олардың арасынан 30 отбасы үздік деп танылды. Қорытынды кезеңде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хатымен барлық 28 отбасы (лауреаттары) 200 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.  Ал Шардара ауданынан Қарсыбаевтар мен Бәйдібек ауданынан Еркебаевтардың отбасылары  - 1 миллион  теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды.

«Мерейлі отбасы - 2019» конкурсында жеңімпаз деп танылған екі жанұя қыркүйек айындағы отбасы күніне орай өтетін республикалық байқауға қатысып, облыс намысын қорғайды.

Байқауға қатысушылар өнегелі отбасы – береке бірліктің қайнар көзі екенін дәлелдеді.