Ауыл тұрғыны кәсіп ашып, көпшілікті жұмыспен қамтып отыр

Қысқаша

Ауыл тұрғыны кәсіп ашып, көпшілікті жұмыспен қамтып отыр

21.jpg

Бүгінгі қоғамда жастарды ауылға тарту, жұмыспен қамту мәселесі өзекті болып отыр. Көпшілік ауылда жұмыс жоқ дейді. Бірақ Түркістан облысы, Жетісай ауданы Қызылқұм елдімекенінің тұрғыны Дидар Ақпанов бұл қоғамдық қасаң пікірмен мүлде келіспейді. Өйткені ол ауылда тұрып-ақ істің көзін тапқан іскер азамат. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Бүгінде оның командасында ауылдың 16 азаматы жұмыс істейді. Осыдан тура 6 жыл бұрын үйінің іргесінен пластикалық есік-терезе жинауға кіріскен оның қазіргі таңда Жетісай ауданында бірнеше ұсталық шағын цехтары бар. Бұдан бөлек, жиһаз жинап, темір қақпа әзірлеп, сан-салалы тірліктің көзін тауып отырған ол жуырда ғана үйінің іргесінен «Ықылас» атты заманауи үлгідегі азық-түлік дүкенін ашыпты.

– Ауылда жұмыс жоқ дейтін жастарға келіспеймін. Көзін тапсаң, бәрін істеуге болады. Тек ынта мен жігер керек. Мен кәсібімді 2012 жылы шағын ғана цехта бастадым. Ең бірінші, ауылға пластикалық есік-терезе жинайтын құрылғылар мен қондырғыларды сатып әкелдім. Өзіміз іздендік, үйрендік. Сапалы тауар жасап шығаруға ұмтылдық. Кейіннен сұраныстар да түсе бастады. Қазіргі таңда біздің жігіттер жиһаз жинап, пластикалық, темір есік, терезе, қақпа дайындайды. Бәрі ауылдың жігіттері. Айлықтары уақытылы, - дейді Дидар Ақпанов.