Ем қабылдау орталығы ашылды

Қысқаша

Ем қабылдау орталығы ашылды

22.jpg

Бүгін Түркістан облысы, Жетісай ауданының орталығы – Жетісай қаласында тибеттік ем қабылдау емханасы ашылды. Бұл жөніндеа аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Аталған емхана аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтып, мемлекеттік қазынаны молайтуға үлесін қосады. Себебі, жекеменшік емхана заң шеңберінде жұмыс істеп, түскен табыстан салық төлеп отырады.  

Медициналық нысанның ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Жетісай қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қадыр Смаилов, Жетісай аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әбдіманап Байдуллаев және бірқатар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Аталған нысанның ашылуына жетісайлық жеке кәсіпкер «Тәж» ЖШС-нің бас директоры Медет Тайманов мұрындық болыпты. Нақтырақ айтсақ, Қытайда арнайы білім алып келген 4 маманды осында жұмыс істеуге шақырыпты.

– Соңғы жылдары әкем науқастанып, шығыстық емдеу шараларының тиімділігін байқадым. Әсіресе, оның ішінде тибеттік ем-дом шаралары көңілімнен шықты. Сөйтіп, дәл осындай орталықты Жетісайдан ашуды жөн санадым. Астанада жұмыс істеген 1 дәрігер, 1 ине салушы, 2 массажшы маманды барлық жағдайын жасап, туған жеріме алып келдім, – дейді Медет Тойлыбайұлы.

Бұл медициналық орталықта 8 түрлі ем-дом шаралары көрсетіледі. Атап айтсақ, тамыр ұстап диагноз қою, инемен емдеу, массаж, физотерапия, банка қою, отпен емдеу, табиғи таза шөптермен емдеу, хижама жасау. Сондай-ақ, асқазан, бауыр, жүрек, бүйрек қанбасымы,инфарк, инсульт, ерлер және әйелдер, бел омыртқа, тері аурулары, грижа секілді шипалар жасалады.